1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы
70 КАЗАХСТАНЦЕВ В 2025 ГОДУ ПРОШЛИ ЛЕЧЕНИЕ ЗА РУБЕЖОМ ЗА СЧЕТ ГОСУДАРСТВА
Тағы 7 адам еліміздегі медициналық ұйымдарда шетелден шақырылған мамандардың қатысуымен ем қабылдады. Мұндай медициналық көмекті алу тәртібі туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының орынбасары Светлана Пономарева айтып берді. Көпшілік Қазақстан азаматтарын шетелде емдеуге жіберу және шетелдік дәрігерлерді Қазақстанның медициналық ұйымдарында ем жүргізу үшін тарту жөнінде арнайы бағдарлама бар екенін біле бермейді. Мұндай емдеу Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) қаражаты есебінен қаржыландырылады. Жұмысшы орган ретінде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры айқындалған. Қор пациенттердің құжаттар пакетін қалыптастырып, оларды шетелдік клиникаларға жолдайды, емдеу бағдарламалары бойынша ұсыныстар алады, содан кейін шешім қабылдау үшін Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы комиссияның қарауына ұсынады. Пациенттерді осындай емге жіберу тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің №45 бұйрығымен бекітілген Қағидалармен реттеледі.

Бұл емге кімдер үміткер бола алады? Светлана Пономареваның айтуынша, 18 жасқа дейінгі балалар Қазақстанда көрсетілмейтін жоғары технологиялық медициналық көмекке көрсеткіштері болған жағдайда шетелге емделуге жіберілуі мүмкін.

Ал ересек азаматтар белгілі бір аурулар бойынша ғана шетелдік клиникаларға жіберіледі. Олардың тізбесі Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен бекітілген.

Пациенттердің үшінші санаты – қызметтік міндеттерін атқару кезінде ауыр жарақаттар мен зақымдар алған құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері. Ерекше жағдайларда, яғни Қазақстанда бұндай жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетілмейтін кезде Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша шетелде емделуге жіберіледі.

2025 жылдың аралық қорытындылары Осы жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша, бюджет қаражаты есебінен бағдарлама шеңберінде 77 пациент ем алды. Оның 70-і шетелдік клиникаларда, ал 7-еуі шетелдік мамандардың қатысуымен Қазақстандағы медициналық ұйымдарда өткен шеберлік сағаты аясында ем алды.

«Олардың емделуіне 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды. Бір жағдайдың орташа құны шамамен 13 млн теңгені құрайды. Алайда бұл ауру түріне және жүргізілген емге байланысты. Мысалы, қан ауруымен ауырған бір пациентке мемлекет шамамен 35 млн теңге, несеп-жыныс жүйесі аурулары бойынша – 32 млн теңге, неврологиялық аурулар бойынша – 17 млн теңгеге жуық қаражат жұмсады. Бұл бір отбасы көтере алмайтын шығын. Сондықтан тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі есебінен қаржыландырылатын бұл бағдарлама азаматтарымыз үшін таптырмас қолдау», – деді Қор өкілі.

Жалпы осы кезеңде ең көп емделгендер туа біткен ақаулары бар (32 адам) және онкологиялық аурулары бар (26 адам) азаматтар болды.

Қолданылған емдеу технологияларына тоқталсақ, 24 жағдайда туа біткен тамыр ақауларына операция жасалған, 9 жағдайда онкологиялық ауруларды емдеу үшін протондық терапия қолданылған, 7 жағдайда радиоактивті йодпен ем жүргізілген. Сонымен қатар 6 жағдайда бауыр трансплантациясы мен кардиохирургиялық операциялар жасалды, сондай-ақ басқа да жоғары технологиялық емдеу әдістері қолданылды.

2025 жылы пациенттерді емдеу үшін ең жиі таңдалған елдер – Германия (24 жағдай), Түркия (17 жағдай) және Үндістан (13 жағдай). Сондай-ақ пациенттер Ресей Федерациясына, Беларуське және Испанияға жіберілді.

ӘМСҚ өкілінің айтуынша, шетелде емделуге үміткер пациенттердің құжаттарын өңірлік денсаулық сақтау басқармалары дайындап, республикалық деңгейде қарауға ұсынады. Сондықтан бағдарлама талаптарына сай келетін пациенттер ең алдымен өз өңіріндегі денсаулық сақтау басқармасына жүгінуі қажет. Айта кету керек, егер азаматтар шетелге өз бастамасымен (республикалық комиссияның шешімінсіз) барып емделсе, мемлекет олардың шығындарын өтей алмайды.
19.12.2025
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ПРОЗРАЧНОСТЬ, КОНТРОЛЬ, ЭФФЕКТИВНОСТЬ: ЧТО МЕНЯЕТ  ПЛАТФОРМА QALQAN В СИСТЕМЕ ОСМС
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ЕЖЕГОДНЫЙ ВНУТРЕННИЙ АНАЛИЗ КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ ПРОВЕДУТ В ФОНДЕ
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
НЕСВОЕВРЕМЕННЫЕ ПЛАТЕЖИ В ОСМС: ПОЧЕМУ ВАЖНО СОБЛЮДАТЬ СРОКИ
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу